Mazda 3

Скачать брошюру
Руководство по эксплуатации
Рассчитать страховку

Рассчитать страховку Mazda 3

Рассчитать страховку Mazda 3
Записаться на тест-драйв

Записаться на тест-драйв Mazda 3

Записаться на тест-драйв Mazda 3
Рассчитать кредит

Рассчитать кредит Mazda 3

Рассчитать кредит Mazda 3
Шолу

Шолу

Mazda 3 седан интерьері

Жаңа Mazda3. Мен — аңызбын

Жаңа Mazda3 седанды жасай отырып, біз «KODO – қозғалу жаны» дизайнерлік тұжырымдамамызда болатын идеялармен шабыттандық Біз осы автомобильдің өзіне назар аударуы, сыртқы бейнесінің дизайны таңқалдыру, салонның ыңғайлы болуымен және инновациялық технологиялармен таңдандыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырыстық. SKYACTIV технологиямызды қолдану арқасында, біз жаңа Mazda3 седанды өз класында көшбасшылардың бірі ете алдық – бәсекелестердің ішінен көбі қозғалу, басқармалылық және үнемділік жағынан сайыса алмайды.

Біз жаңа Mazda3 - MZD Connect заманауи мультимедиялық навигациямен жабдықтадық. Ол жүргізушіге навигацияны, арнайы интернет-радионы пайдалануға, жол кептелісін қарауға және аудиожүйені басқаруға мүмкіндік береді.

9.1 с
6.2/100 км
Екпін 100 км/ч дейін Жанар-жағармай шығыны

Біз жаңа Mazda3 седанының әр тетігінде KODO дизайнерлік тұжырымдамасында байқалатын, қозғалыстың барлық энергиясын беруге тырыстық. Дұрыстап қарасаңыз, шанақтың бұдырлы линияларынан осы автомобильге тән, спортты динамиканың көрінетінін көресіз. Mazda3 жаңа буынының намысқой бейінінде қабыланға тән, қарқындылық пен ұмтылыс байқалады. Қозғалыс сипаттамаларымен және жақсартылған басқарушылықпен үйлескен кезде осы автомобиль әр жүргізушінің арманының орындалғаны болып табылады.

Жаңа Mazda3 спорт стилистикасы 18-дюймдік жеңіл қорытпалы доңғалақты дискілер дизайнында көрсетілген.

Әр Автомобилистке автомобиль бейнесінде доңғалақ дискілерінің қандай рөлді атқарып отырғаны танымал, сондықтан біз жаңа Mazda3 үшін ең қазымыр сатып алушының талғамын қанағаттандыратын дискілерін жасауға тырыстық. Базалық жинақталымда седан жинақталымында болат қалпақтары бірге болатын болат 16-дюймдік доңғалақ дискілермен жабдықталады. Неғұрлым қымбат жинақталымдардың сатып алушылары Mazda3 седан жаңа буынының экспрессивті сыртқы түрін толықтыратын, жеңіл алюминий қорытпадан жасалған 16- және 18-дюймдік доңғалақ дискілерінің арасынан таңдай алады.

Қауіпсіздік

Жаңа сенімді Mazda3 седан. Қауіпсіздік бәрінен жоғары.

Біз жаңа Mazda3 седанды ең заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтадық. Автомобильдің артында кеңістікті бақылау жүйесін қолдану арқасында, жүргізуші өзгеріп жатқан жол жағдайына жедел орай әрекет етіп, қозғалыстың неғұрлым тиімді траекториясын таңдай алады. Осы жүйе жүргізушіге «соқыр» аймақта болатын автомобиль туралы жылдам хабарлайды.

Қозғалыс жолағын ауыстыру туралы ескерту жүйесі жүргізушіге автомобильдің өз жолағының шегін қалдырғанын айтады, ал кенеттен тежелу кезінде шұғыл тежелу туралы ескерту жүйесі Mazda3 артында жүріп келе жатқан жүргізушілерге штаттан тыс жағдайдың туындағанын уақытында ескерту үшін апаттық сигнализацияны белсенділейді. Қауіпсіздіктің аталған жүйелерінің әр әрекеті аспаптардың электрондық панелінің дисплейінде көрінеді.

Mazda инженерлері автомобилдің автомобильдің пассивтік қауіпсіздігін жақсартуға қамқорлық жасады. Біз аз салмаққа ғана емес, сонымен қатар жоғары беріктілікке ие SKYACTIV-Body шанағының бірегей құралымын жасадық. Жоғарыда санамаланған жүйелердің үйлесімі жаңа Mazda3 седанның жүргізушісі мен жолаушыларына өз қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне сенімді болуға мүмкіндік береді.

Қалада тежелу кезінде зияткерлік көмек жүйесі (SCBS) автомобильді уақытында тоқтатуға мүмкіндік береді.

SCBS активті қауіпсіздігінің инновациялық жүйесі апаттық жағдайлар жиі болып тұратын ірі қалаларда тиімді қолданылады. Тежелу кезінде зияткерлік көмек жүйесі Mazda3 автомобилінің алдынан кеңістікті үнемі сканерлейді. SCBS соқтығысу тәуекелі туындаған кезде тежегіш педалына бір рет басып, автомобильді тиімді тоқтату үшін сұйықтықты тежегіш каналдарына бере отырып, тежеу жүйесін дайындайды. Егер жүргізуші тежелу сәтін ұмытып кетсе, онда жүйе тежеуді өз бетімен қосып, автомобильді тоқтатып, соқтығысу тәуекелін максималды азайтады. SCBS жүйесі кішігірім жылдамдықпен ( 4 - 30 км/сағ) тиімді жұмыс істеп, жүргізушіге уақытында тежелуге және апатқа жол бермеуге мүмкіндік береді.

Біз жаңа Mazda3 седанының иелерін өзімен бірге ноутбукті немесе планшетті алып жүру қажеттілігінен құтылдырдық: автомобильде орнатылған MZD Connect жүйенің арқасында жүргізуші автомобильді жүргізуден басқа жаққа көңіл аудармай, телефон байланысын немесе интернет-қолданбаларын пайдалана алады. MZD Connect жүйесі автомобильдің иесінің смартфон мүмкіндіктерін пайдаланады және оған ұнап қалған радиостанцияны таңдауға, интернет-қолданбаларды қарауға және дыбыс командаларын пайдалана отырып, хабарламаларды жасауға пайдалануға мүмкіндік береді.

MZD Connect мультимедиялық жүйесінің функцияларын басқару ыңғайлы болу үшін біз жанасуға жылдам реакцияны иеленетін 7-дюймдік сенсорлық экранды орнаттық. Мультимедиялық жүйенің функциялары бойынша навигацияны және HMI-коммандер блогын жеңілдетеді, ол жүргізушіге тікелей жақын болады.

Электрондық аспаптық панель автомобильді жүргізуге толық көңілін аударуға мүмкіндік береді.

Mazda3 автомобилін басқару кезінде максималды ыңғайлылықты жүргізушіге қамтамасыз етуге тырысып, біз спорт дизайня мен жоғары функционалдылық үйлесетін электрондық аспаптық панелін жасап шықтық. Оған ең қажетті ақпарат шығарылады: жылдамдық, қозғалыс маршруты туралы навигация жүйесінің ақпараты, активті қауіпсіздік жүйелерінің сигналдары.

Электрондық аспаптық панельдың мөлдір экраны оталдыру қосылған кезде белсенділеніп, алға жылжиды. Әдеттегі режімде оған автомобильдің жылдамдығы туралы ақпарат шығарылады, оның орнына жүргізуші навигациялық жүйенің деректерін шығара алады. Штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде экранда автомобильдің активті қауіпсіздігінің жүйелерінің ескерту сигналдары шығарылады.

Техникалық сипаттамалар

Техникалық сипаттамалар

ЖАЛПЫ
Шанақ типі хэтчбек седан седан
Есіктер саны 5 4 4
Орындар саны 5 5 5
автомобиль класы С С С
Рөлдің жағдайы Сол жақта Сол жақта Сол жақта
Өндіруші ел Жапония Жапония Жапония
Бастап шығарылым, жыл 2016 2016 2016
ІШТЕН ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ
Қозғалтқыштың көлемі, куб. см 1500 1500 1600
Қуат, л.с./кВт/айн/мин 120/88/6000 120/88/6000 104/77/6000
Айналмалы сәт, Нм/айн/мин 150/4000 150/4000 144/4000
Наддув турбиналық үрлем турбиналық үрлем -
Цилиндрлердің орналасқан жері L4 L4 L4
Жанар-жағармайды беру жүйесі инжектор, жанар-жағармайдың тікелей бүркілуі инжектор, жанар-жағармайдың тікелей бүркілуі инжектор, жанар-жағармайдың тікелей бүркілуі
Жанар-жағармай маркасы бензин АИ-95 (Ресей) бензин АИ-95 (Ресей) бензин АИ-95 (Ресей)
ТРАНСМИССИЯ
Жетек типі алдыңғы алдыңғы алдыңғы
Тип КПП автомат 6 ст. автомат 6 ст. автомат 6 ст.
АСПА
Алдыңғы + тәуелсіз McPherson + тәуелсіз McPherson + тәуелсіз McPherson
Артқы көп иінтіректі көп иінтіректі көп иінтіректі
ТЕЖЕГІШ ЖҮЙЕСІ
Алдыңғы тежегіштер Дискілік желдетілетін Дискілік желдетілетін Дискілік желдетілетін
Артқы тежегіштер Дискілік Дискілік Дискілік
ПАЙДАЛАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Екпін 100 км/сағ дейін, с 11,9 11,8 13,5
Максималды жылдамдық, км/сағ 190 194 177
Жанар-жағармай шығыны, л. 100 км-ге (қалалық цикл) (автомат) 7,4 7,4 8,7
Жанар-жағармай шығыны, л. 100 км-ге (қала сыртындағы цикл) (автомат) 4,9 4,9 4,9
Жанар-жағармай шығыны, л. 100 км-ге (аралас цикл) (автомат) 5,8 5,8 6,3
МӨЛШЕРЛЕР
Ұзындық, мм 4475 4580 4580
Ені, мм 1795 1795 1795
Биіктігі, мм 1450 1450 1450
Клиренс, мм 155 155 155
Доңғалақ базасы, мм 2700 2700 2700
Жабдықталған масса, кг 1302 1296 1296
Жүксалғыш көлемі, л 308 408 408
Жанар-жағармай багының көлемі, л 51 51 51
Жинақталымдар

Жинақталымдар

ЖИНАҚТАЛЫМ ДЕҢГЕЙІ ACTIVE ACTIVE SPORT ACTIVE+
Қоғалтқыш көлемі,л 1,6 1,5 1,5 1,6 1,5
Қуат, л.с. 104 120 120 104 120
Айналмалы сәт Нм/айн/мин 144/4000 150/4000 150/4000 144/4000 150/4000
Трансмиссия 4 АТ 6 АТ 6MT 4 АТ 6 АТ
ЖЕТЕК ТИПІ
СЫРТҚЫ ТҮР
Артқы көріністің бүйіржақ айналары шанақ түсі + + + + +
ИНТЕРЬЕР
Рөлдік, КПП тұтқасының және аялдағыш тежегіштің былғары орағышы + + + + +
Салон қаптауышының материалы – мата + + + + +
ЫҢҒАЙЛЫЛЫҚ
Кондиционер + + + - -
Климат-бақылау, 2 аймақ - - - + +
Алдыңғы орындықтарды қыздыру - - - + +
Қыздырумен артқы көріністің бүйіржақ айнасы және бүйіржақ айналарды жинаудың электржетегі + + + + +
Жаңбыр және жарық датчигі - - - - -
Маршрутты компьютер + + + + +
Рөлдік желектер (типтроник) - - - - -
Түсті TFT-дисплей HMI-commander - - - + +
ЖАРЫҚТАНДЫРУ АСПАПТАРЫ
Галогендік фаралар + + + + +
Фаралардың жуып-шайғышы + + + + +
Автоматты түзеткішпен және AFS жарықтандырудың адаптивтік жүйесімен биксенондық фаралар - - - - -
Тұманға қарсы фаралар - - - + +
ДОҢҒАЛАҚТЫ ДИСКІЛЕР ЖӘНЕ ШИНАЛАР
Қалпақтармен болат доңғалақты дискілер R16 + + -    
Жеңіл құйылған доңғалақты дискілер R16 - - + + +
АУДИОАППАРАТУРА
Bleutooth + + + + +
Радио AM/FM (RDS), 4 динамик, MP3 функциясымен CD-күйтабақ ойнағыш + + + - -
Радио AM/FM (RDS), 6 динамик MP3 функциясымен CD-күйтабақ ойнағыш - - - + +
ОПЦИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ ҚОСА АЛҒАНДА, АВТОМОБИЛЬ БАҒАСЫ
1 пакет. 2016 жылы шығарылған автомобильдерге алдыңғы орындықтарды қыздыру
2 пакет.Екі аймақтық Климат-бақылау, 2 аймақ;Алдыңғы орындықтарды қыздыру;2016 жылы шығарылған автомобильдерге MP3 функциясымен CD-күйтабақ ойнағыш
3 пакет. Алдыңғы орындықтарды қыздыру;тұманға қарсы фаралар;Жеңіл құйылған доңғалақты дискілер R16;2016 жылы шығарылған автомобильдерге MP3 функциясымен CD-күйтабақ ойнағыш
4 пакет.Автоматты түзеткішпеен биксенондық фаралар;жарықдиодты фанарлар;2016 жылы шығарылған автомобильдерге MP3 функциясымен CD-күйтабақ ойнағыш
5 пакет.Автоматты бұлыңғырлану функциясымен артқы көріністің ішкі әйнегі;Жарықтандыру датчигі;Жаңбыр датчигі;круиз-бақылау,артынан көлікті тұраққа қою датчигі;2016 жылы шығарылған автомобильдерге MP3 функциясымен CD-күйтабақ ойнағыш
6 пакет.Автоматты бұлыңғырлану функциясымен артқы көріністің ішкі әйнегі;круиз-бақылау,артынан көлікті тұраққа қою датчигі;алыс жарық фараларын автоматты басқару жүйесі;қозғалу жолағының шегінен тыс шығу туралы ескерту жүйесі; қалада қауіпсіз тежелу жүйесі; өлі аймақтарды мониторингілеу жүйесі;Жеңіл құйылған доңғалақты дискілер R18 ; радио AM/FM (RDS); 2016 жылы шығарылған автомобильдерге 9 динамик Bose
ДИНАМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Максималды жылдамдық, км/ч 177 191   177 191
Екпін уақыты 0 100 км/ч, сек аралығында 13,5 11,6   13,5 11,6
ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ШЫҒЫНЫ, Л/100 КМ
Қала 8,7 7,4   8,7 7,4
Шоссе 4,9 4,9   4,9 4,9
Аралас цикл 6,3 5,8   6,3 5,8
ГАБАРИТТІК МӨЛШЕРЛЕР,ММ
ҰЗЫНДЫҚ/ЕНІ/БИІКТІК
Жол аралығы 160 155   160 155
Рауалы толық масса,кг 1775 1835   1775 1835

 

*Түске қосымша ақы

Цвет кузова
#760b1b
#616161
#939393
#536066
#242f35
#080e28
#2b2b2b
#2a373d
#000

Запись на сервис

Дополнительный текст

Запись на тест-драйв

Дополнительный текст

Обратная связь

Дополнительный текст